"Шамам жетеді": Баян Алагөзованың қызы қайын жұртына күтушісімен бірге көшіп барды
Жас келін Айсәуле Бақытбек үй қызметшісі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oybay Show бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек кіммен тұрып жатқанын айтты. Ару күйеуінің үйіне екі күшігін және үй қызметкерін бірге көшірген. Жас келін үйде қызметкер ұстауға шамам жететіндей ақша табамын деп ағынан жарылды.
"Қазір күйеуімнің үйінде ата-анасымен, екі итіммен тұрамын. Өзіммен бірге үй қызметшісін де алып кеткенім рас. Менің оған мүмкіндігім бар. Өйткені, үйде қызметкер ұстауға шамам жетеді, соған лайық ақша табамын. Мен жалғыз өзім бәріне үлгермейтін едім", - дейді Айсәуле Бақытбек.
Сонымен қатар, продюсердің қызы отбасылық өмірге қаншалықты үйреніп кеткенін, енесімен арасы қандай екенін жасырмады.
"Менің жолым болды. Енем өте керемет адам. Тіпті анам сияқты жақын", - дейді Айсәуле Бақытбек.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар