Смартфонды USB-кабель арқылы қуаттау қауіпті

Жұма, 27 Мамыр , 2016 10:52

Смартфонды USB-порт арқылы қуаттау ұялы телефонға да, компьютерге де елеулі зиян келтіреді. Бұл зұлым ойлылардың мәліметтер базасын оңай ақтарып, құрылғыға зақымын тигізуге мүмкіндік береді екен. Мұны мамандар “Касперский зертханасындағы” сынақ барысында дәлелдеген.

20a9a71e4e259bded77056c5b7c11c3c

Сурет otzyv-pro.ru

Android және iOS басқаруымен жұмыс істейтін смартфондарды мамандар сынақтан өткізіп, компьютер арқылы қуаттаудың зияндылығын тексерген. Смартфон USB арқылы жалғанған кезде автоматты түрде белгілі бір мәліметтер легі ауысып кетеді екен. Нақты қандай мәліметтер екені өндірушіге байланысты. Бұл құрылғының атауы мен типі, өндірушінің атауы, сериялық нөмір, құрастыру ақпараты, операциялық және файлдық жүйелер болуы әбден мүмкін.

“Қауіп мынада: Бұл ақпараттарды киберқылмыскерлер оңай пайдаланып, смартфон осылайша иесін бақылауға мүмкіндік беріп қоюы мүмкін. Осы әрекет нәтижесінде құрылғыда байқалмайтын файлдық жүйелерді басқару қосымшалары пайда болып кетуі ықтимал. Пайдалану мәліметі өз орнында қалғанымен, гаджет толықтай өз мүмкіндіктерінен ажырап қалады. Сондықтан бұл қауіпті киберқылмыскерлердің оп-оңай құрылғыға қосымшалар орнатып немесе оларды өшіріп, хабарламалар, суреттер мен видеоларды өшіріп тастауына, мәліметтерді шифрлап тастауына жол береді”, – дейді мамандар.

Компанияның айтуынша қазірдің өзінде смартфонға қол сұққан жағдайлар тіркелген. Мәселен “Қызыл Октябрь” кибертобы құрылғының моделін анықтап, арнайы эксплойт арқылы шабуылға шыққан.

“Мобилді құрылғылардың иелері кәдімгідей зардап шегуі мүмкін. Аталмыш әрекеттерді тіпті кәсіби емес хакерлер де жасай алады”, – дейді “Касперский зертханасындағы” зерттеуші Алексей Комаров.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар