Смартфондардың адам өліміне дейін апаратын қауіптілігі аталды
АҚШ-тың Ұлттық токсикологиялық бағдарлама мамандары смартфондардың зиянын дәлелдеді.
Мамандар кеміргіштерге зерттеу жүргізіп, смартфондағы 2G мен 3G байланысы нәтижесінде кеміргіштердің жүрегінде, миында, бүйрегінде қатерлі дерт белгілері байқалғанын анықтаған.
Зерттеу кезінде кеміргіштер мен тышқандар арнайы камераға жатқызылып, екі жыл бойы радиотолқын жіберіліп отырды. Күн сайын 9 сағатқа дейін радиотолқын әсер етті. 1 келі кеміргіш үшін 1,5-6 ваттың сәуле, бір келі тышқандар үшін 2,5-10 ватты сәуле толқындары жіберілді. Зерттеуге Wi-Fi мен 5G әсері қатыстырылған жоқ.
Мамандар жануарларға әсер ететін сәуленің адамға да тура солай әсер етпейтінін айтады. Жануарлардың бүкіл денесіне әсер етсе, адамның белгілі бір дене мүшесіне әсер етеді. Алайда мамандар қатерлі дерт белгісінің радиотолқынды сәуледен болғанын дөп басып айтты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.