Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Словенияда жұмбақ амбфибияның жұмыртқалауы күтілуде

Жыл сайын миллиондаған туристер келетін Словениядағы карст үңгірінде бәріне танымал болып үлгерген сирек кездесетін ерекше қосмекенді ондаған жұмыртқаларын басып жатыр.

160229120949_olm_624x351_sciencephotolibrary_nocredit

Протей тұқымдастығына жататын құйрықты амфибия, яғни еуропалық протей Балқан түбегіндегі өзен үңгірлерін мекендейді.

Олардың кейбірі 100 жылдан астам өмір сүріп, өмір бойы тек екі рет қана жұмыртқалайды екен.
Словенияның оңтүстік-батысындағы карст үңгіріндегі аквариумда тіршілік ететін еуропалық протейдің аналығы 50-60 жұмыртқа жұмыртқалаған. Олардың үшеуінен даму белгілері байқалған.
Қанша амфибияның жұмыртқа жарып шығарын және бұл үдерістің қанша уақытқа созыларынан ешкімнің хабары жоқ.

«Әзірге үш жақсы үміткер бар сияқты»,- дейді биолог Сашо Вельдт.

Ол кішкентай эмбриондардың даму нышандарын байқау үшін, әріптестерімен бірге қараңғы үңгірде жұмыртқаларды ұзақ жарық түсіру арқылы суретке түсірген.

«Ол қаңтардың отызыншы жұлдызынан жұмыртқалай бастап, әліге дейін күніне 1-2 жұмыртқадан жұмыртқалауда. Жұмыртқаны жарып шығу үшін оларға 120 күндей уақыт қажет»,- дейді ол.

«Таңғаларлық жағдай»

160229120655_olm_eggs_624x351_iztokmedjapostojnskajama_nocredit

Биологтың айтуынша, бұл 1950 жылдардан бері француздық Пиренейдегі жер асты зертханасында тіршілік етіп келе жатқан протей тобын бақылауға негізделген болжалды баға беру.

Олар зертханада жылылығы 11°C суда тіршілік етеді.

«Біздің үңгірдегі температура едәуір төмен – 9°С. Сондықтан олардың дамуы баяу жүруі мүмкін»,- деп түсіндіреді Сашо Вельдт.

Бұл осы үңгірде миллиондаған жылдар бойы мекендеп келе жатқан амфибияның ұрпақ өрбітуін бақылауымыз мүмкін болатын тамаша мүмкіндік.

«Аталмыш тіршілік иелерінің ұрпақ өрбіту үдерісі жайлы қолда бар мәлімет аз болғандықтан, біз үшін бұл жағдай өте маңызды»,- дейді Хорватиядағы су асты үңгірлеріндегі протейлер тіршілігін зерттеуші, Лондон зоологиялық қоғамының ғылыми қызметкері Душан Йелич.

Оған қоса Душан Йелич: «Жабайы табиғатта біз олардың жұмыртқаларын кездестіре алмаймыз. Мүмкін олар үңгір ішіндегі көзден таса жерлерге тығулы шығар»,- дейді.

Люблянадан оңтүстік-батысқа қарай 45 километр алшақта жатқан Постойнада протей популяциясы мекендейтін тұтас лабиринт болғанымен, көп саяхаттаушылар келетін үңгірдегі аквариумға протей аналығының жұмыртқалағаны, шынымен де, таңғаларлық жағдай.

«Бұл, шындығында, өте тамаша. Тіпті, ерекше құбылыс деуге болады»,- дейді Постойна үңгірі қызметкері, биолог Примож Гнезда.

Күллі Еуропа бойынша еуропалық протей үңгірді мекендейтін жалғыз омыртқалы болып табылады. Ол жер астындағы карст үңгірінде тіршілік етуге жақсы бейімделген.

«Олар еш өзгермеген тіршілік ортасында 200 миллион жыл бойы өмір сүріп келеді»,- дейді Душан Йелич.

Температурадағы маусымдық өзгерістердің өзі үңгір суларына еш әсерін тигізбейді. Соның нәтижесінде, амфибиялар мен олардың жұмыртқасы судың температурасына өте сезімтал келеді.

Айдаһар ма?

160229120833_egg_tv_624x351_iztokmedjapostojnskajama_nocredit

2013 жылы аквариумда тіршілік ететін протей аналығы жұмыртқалап, олардың бірі де жұмыртқасын жарып шыға алмады. Оның үстіне, көп жұмыртқаларды сол аквариумды мекендейтін басқа да протейлер жеп қойған.

Бұл жолы қауіпсіздік шаралары қолданылып, аквариумнен аналық протейден өзге протейлер алынып тасталды. Жұмыртқаларды жарықтан қорғау үшін, аквариум қоршалған.

Инфракүлгін сәулелермен видеожазбаға түсіретін видеокамера аквариум ішіндегі тіршілікті бақыласа, ғылыми қызметкерлер мен саяхаттаушылар аналық протей тіршілігі мен протей жұмыртқаларының даму үдерісін үлкен экраннан көре алады.

Аквариум ішінде айтарлықтай ештеңе болып жатқан жоқ. Анда-санда протей аналығы жұмыртқаларды тексеріп, тағы да жұмыртқалайды немесе жұмыртқа маңайындағы кішкене шаян тектес – амфиподтарды қуады. Амфиподтарды аналық протей көре алмаса да, тұмсығындағы электр өрісін сезуге қабілетті мүшелері арқылы сезе алады.

Сонымен қатар протейлердің иіс сезу түйсігі жақсы дамыған. Ол арқылы аналық протей жұмыртқаларын бақылау мүмкіндігіне ие.

«Олардың өздеріне тән иістері болады. Сол арқылы аналық протей жұмыртқалардағы ұрықтардың қайсысы тірі, қайсысы өлі екенін біле алады. Үңгірде қорек аз болғандықтан, аналық протей өлі жұмыртқарлармен қоректенеді»,- дейді биолог Вельдт.

Протейлер Словенияда танымалдылыққа ие. Мемлекет валютасы еуроға ауыспай тұрып-ақ, протейлердің бейнесі тиындардың бірінде бейнеленген.

Жүздеген жылдар бұрын, сирек болатын су тасқындары протейлерді үңгірден жер бетіне шығарып тастағанда, жергілікті тұрғындар оларға күдікпен қарап, айдаһар баласы деп санаған.

Соңғы уақытта Постойна үңгіріндегі аналық протей танымалдылыққа ие болып, адамдардың үлкен үмітін арқалап тіршілік кешуде.

Үңгірде қызмет атқаратын биолгтар да үлкен үміт пен жауапкершілікті сезінуде.

«Бұл бізден асқан жауапкершілікті талап ететін мәселе. Бәріміз де қобалжудамыз»,- дейді биолог Сашо Вельдт.

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚЫҢЫЗ

160216102956_dolphin_smiling_624x351_thinkstock_nocredit-620x349Дельфиндер – сүйкімді жаратылыс кейпіндегі қаскөй қанішерлер

 

 

 

 

Талқылау