Сәнбике миллионер жігітін өлтіргені үшін айыпталды

Сенбі, 28 Мамыр , 2016 11:46

Словакиялық сәнбике Майка Кукучева өзінің бұрынғы миллионер сүйіктісі Эндрю Бушты өлтірді деп айыпталды.

image

Бұл туралы “The Guardian” хабарлайды.

26 жастағы сәнбикенің ісін испаниялық Малага қаласының соты қарап жатыр. Айыптаушы тарап оның 25 жылға сотталуын талап еткен. Сот отырысы барысында бойжеткен жылап, ешуақытта сүйіктісін ренжіткісі келмегенін айтқан.

48 жастағы Буш 2014 жылы Испанияның Коста-дель-Соль аймағында өлтірілген болатын. Зергерлік салонының бұрынғы басшысына үш жерінен оқ атылған. Кукучова осы уақытқа дейін сүйіктісімен қатты ренжісіп жатып оқ атқанын мойындаған. Десе де, атылған оқтан кейін сүйіктісінің тірі қалғанын тілге тиек еткен.

Аталған оқыс оқиғаға дейін Буш Кукучовамен айырылысып, ресейлік студент Мария Коротаевамен көңіл қосқан болатын. Сәнбике екеуін Испания жағалауларының бірінде көріп, жанжал шығарған. Нәтижесінде миллионерді жарақаттап, өз еліне қашқан. Полиция оны Словакияда ұстаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар