СҚО-да өртенген мешіт ішіндегі Құран кітабы жанбай қалған (фото)
Солтүстік Қазақстан облысында өртеген мешіттегі Құран кітабы жанбай қалды.

10 желтоқсан күні Мамлют аудандық мешітінде өрт шыққан. Мешіттегі өрт 100 шаршы аумақты шарпыды. Мешіттің ағаш қабырғалар мен мешіттің төбесі жанып кетті.

Өрттен көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жалынды 16 адам мен 3 техникалық құрал өшірді.

Бір қызығы жалын шарпыған мешіт ішінде діни кітаптар мен Құран кітабы өртенбеген. Бұл туралы Самат Сапаралының facebook парақшасында жазды.

Мешіт қалпына келуге жарамсыз. Тұрғындар мешітті жөндеуден өткізуге кәсіпкерлер қол ұшын берсе деп отыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады