Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да мұғалімге тіл тигізіп, сынып журналын алып қашқан ата-анаға айыппұл салынды

СҚО-да 2-сынып оқушысының анасына баласының сынып жетекішісіне тіл тигізіп, сынып журналын әкетпекші болғаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

1358406461_izvinitsya-pered-podrugoy
Сурет rebenok.by сайтынан алынды

«Тайыншы аудандық соты ата-анаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттерін қарастырып жатыр. Сотта қаралғандай, ол қасындағы өзге кабинеттерде сабақ жүріп жатқанына қарамастан, мұғалімдердің көзінше №1 орта мектептің мұғалімдер бөлмесінде баласының сынып жетекшісіне тіл тигізіп, дауыс көтерген. Соңынан шкафта тұрған сынып журналын мұғалімнің қарсылығына қарамай алып кеткен», – делінді сотта.

Бұзақылық әрекеттерімен мұғалімнің талаптарына құлақ аспай, оны итеріп жіберіп, коридорға қашып кеткен ата-ананы дер кезінде жеткен полицейлер ұстап, сынып журналын алды.

Тайыншы аудандық сотында ол әкімшілік құқық бұзғандықтан айыпты деп танылып, 7 АЕК, яғни, 14 мың 847 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді», – дейді соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау