СҚО Тайыншы аудандық ІІБ қызметкерлері 43 жастағы Келлеровка ауылының тұрғынын құтқарды.
Ол үйінде пеш жақпай, ұйықтап қалған. СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаевтың айтуынша, дүйсенбі күні таңертең полицияның аға лейтенанты Күмісбек Оспанов және полиция лейтенанты Дмитрий Бизиков жалғыз басты ауыл тұрғынының үйіне кіре алмайды. Полицейлер ер адамға бірдеңе болып қалды ма деп қауіптенеді. Олар есікті сындырып кіруге мәжбүр болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.