Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да алаяқ әйел дуаны “қайтарған” болып елдің ақшасын ұрлаған

СҚО-да дуаны “шешкен” болып, ауыл тұрғындарының ақшасын ұрлаған алаяқ ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

70792102f10713703267dacd5fc9eaef

“Тайынша ауданының полицейлері Рощинскийдегі ауыл тұрғынының “дуасын шешкен” Астана қаласының 52 жасар тұрғынын ұстады.  Ол әйел адамнан дуаны шешуге қажетті болатын – су, жұмыртқа, сүлгі, қасық сияқты заттарды  сұрап алады. Зардап шешкен әйел жалған балгерге өзінің үйдегі жиналған барлық ақшасын қалай бергенін түсінбей де қалған”, — деп мәлімдеді ІІД.

Алаяқтық әрекет жасауға қатысты күдікті болып табылатын әйелді полицейлер селе Келлеровка  ауылынан ұстайды.  Алаяқтық ісі бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол бойынша екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

Айта кететін жайт, бұл Петропавловскіде тіркелген бірінші оқиға емес. Қыркүйек айында қала тұрғынын “сырқатынан айықтыруға” тырысып, оның ақшасын иемденіп алған әйел адам ұсталды.  Ұсталған әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу барысында бұл әйелдің Есіл ауданында тіркелген осы сынды қылмысқа қатысы бары анықталды.

Көбіне осы секілді алаяқтардың қолынан зардап шегетін тұрғындар – жасы егде тартқан адамдар, зейнеткерлер. Айтылған ескертулерге қарамастан, алаяқтар олардың сенгіштігі мен әлсіздігін пайдаланып, өздерінің арам ойларын іске асырады.

Жіберіп алмаңыз:

Отандық БАҚ-та латынша жазылған алғашқы мақала жарық көрді

Қызылордалық оқушылар мектепке жеткенше екі рет киім ауыстыруға мәжбүр (фото)

Халықты тонауды тоқтатыңыз: Ашынған ата-аналар министр Сағадиевке ашық хат жолдай бастады

Енді неке қиюға өтінішті мобильді қосымша арқылы беруге болады

Талқылау