Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО әкімі: Көпбалалы отбасылар үшін ай сайынғы жәрдемақы көлемі 6 есеге өседі

Кеше «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының 30-шы кезектен тыс конференциясы өттi. Жиналысқа СҚО әкiмi, облыстық филиал төрағасы Құмар Ақсақалов қатысты. Өз сөзінде облыс басшысы атаулы әлеуметтік көмек туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО әкімі: Көпбалалы отбасылар үшін ай сайынғы жәрдемақы көлемі 6 есеге өседі

Құмар Ақсақалов елбасының тапсырмаларын орындау бойынша мiндеттерге тоқталды. Басты назарда партиялық 5 жоба бар. «Халыққа» көмек жобасы аясында қоғамдық қабылдаулардың жұмысына қарқын қосу қажет.

«Қазiр және осында принцип бойынша жұмыс жасау керек. Яғни тұрғындардың өтiнiштерiне жылдам жауап беру қажет. Тосудың қажетi жоқ. Өзiмiз адамдарға барып, көмек қолын созуымыз керек. Азаматтарға қиын сағатта көмектесу керек», - дейді Құмар Ақсақалов.

Оның сөзінше, еліміздегі көшбасшы партия өзінің жұмысын көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды жан-жақты қолдауға бағыттауы тиіс. Бұл «Бақытты отбасы» жобасының аясында жүзеге асырылады. Тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау – партия төрағасының басты тапсырмаларының бірі. СҚО-да мұндай көмекті 3 225 отбасы немесе 11 527 адам алады. Бұл орайда көпбалалы отбасылар үшін ай сайынғы жәрдемақы көлемі 6 есеге өседі. Ол 6 700 балаға беріледі. 

Сонымен қатар мүгедек балаларға берілетін жәрдемақының көлемі 30 пайызға артады. Оған қоса бұл санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету керек. Биылғы жылы 341 отбасының 30 пайызының тұрғын үй жағдайы жақсартылмақ.

Сондай-ақ, партияның өңірлік филиалының төрағасы партиядағылардың басты міндеті тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауды қамтамасыз ету екенін атап өтті. 

«Қатаң бақылануы тиіс. Сонымен қатар партия өкілдері ашықтықты, барлық процестің әділеттілігін қамтамасыз ету үшін, тұрғын үй комиссиясының құрамында болуы керек», - дейді Ақсақалов. 

Талқылау