Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефоныңыздың құлағы бар ма?

Сіздің де ұялы телефоныңыз кейде ойыңызды оқып, бірден іздеген мәліметіңізді ұсына ма? Әрине, өмірде кездейсоқ жағдайлар жиі орын алып тұрады. Десе де бұл “кездейсоқтықты” ескерусіз қалдыруға болмас.

 

68874853Сурет: anatoly-p.ru

Анам отбасылық досымыздың Таиландта көлік апатынан көз жұмғанын айтқанда, мен өз бөлмемде киім үтіктеп жатқан едім. Қасымдағы үстел үстінде телефоным жатқан.

Ертесі күні ақпарат алу үшін телефонымның іздеу жүйесіне кірдім. Кіріп қалсам, смартофоным ұсынылатын нұсқалар тізімінде қаза болған отбасылық досымыздың есімін, «мотоцикл апаты, Таиланд» сөздері мен апат болған мезгілді ұсынады.

Шынымен аң-таң болдым. Бірден кешегі күні жасаған әрекеттерімнің бәрін есміде тізе  жөнелдім: киім үтіктеп жатырмын,  аталған оқиға жайлы анаммен әңгіме, үстелде жатқан телефон. Иә, қолым бос болмағандықтан, телефонды қолданбадым.

Бәлкім, шаруамды бітірген соң, болған оқиға жайлы қосымша ақпарат іздедім бе екен? Әлде телефоным біздің әңгімемізді тыңдаған болды ма?

Басымнан кешкен жайды таныстарымның барлығымен бөлістім. Бір қызығы,  кімге айтпасам да, олардың да өмірлерінде ұқсас жағдаяттың орын алғанын еститінмін.

Құрбыларымның бірі жігітімен телефон арқылы сөйлесіп отырып, басының жиі ауырып жүргеніне шағымданған. Келесі күні «Твиттердегі» жазылушыларының қатарынан «Бас ауыруына шалдыққандарды қолдау» тобын көреді.

Тағы бір құрбым әпкесімен салыққа байланысты туындаған қиындықтарын талқылаған. Ол да ертесіне «Фейсбукте» аталған мәселені шешуге кеңес беретін мамандардың қызметі ұсынылған жарнаманы көзі шалған.

Бірқатар таныстарым  тауар түрлері, шипажай сынды түрлі тақырыпты талқылағаннан кейін, соған сәйкес жарнаманың ұсынылатыны байқаған-ды.

Алайда, смартфонда үнемі микрофон қосылып тұрып, ақпарат жіберіліп отыратын болса, телефонның қуаты аз уақытқа да жетпейтін еді ғой. Және мобильді байланыстың бағасы да шарықтап кетер еді. Сонда қалай болғаны?

Техникалық міндет

Бұл жағдайға бей-жай қарай алмай, мәселенің мән-жайын Pen Test Partners компаниясының киберқауіпсіздік сарапшылары Кен Монро мен Дэвид Лодждан білмек болдым.

Қандай да болсын смартфон қосымшасы біздің сыртымыздан тың тыңдау мүмкіндігіне ие ме?

«Басында сене қоймадым. Айтқандарының бәрі нануға да тұрмайтын еді»,- деп мойындайды Кен Манро. Бірақ тексеріс барысында шағымданушы күдігінің расталғаны бәрімізді таңғалдырды.

Олар қосымшаның түпнұсқасын жасап, смартфонға жүктеген. Телефонды қосып қойып әлдеқандай тақырып жайлы сөйлескендерінде, айтылған сөздері компьютер экранына шығып отырған.

«Біз Google Android платформасында бұрыннан бар атқарым мүмкіндіктерін қолдандық. Мақсатқа жетудің оңай жолы болғандықтан, оларды қолдануды жөн көрдік»,- дейді Кен Монро.

Бұған қоса Монро: «Біз смартфондағы микрофонды қосып, ғаламторға тыңдау серверін орнаттық. Таңданысымызға орай, микрофон жазып алған сөздердің барлығы бізге жеткізіліп отырды. Сол арқылы айтылған сөздерге сәйкес жарнама жіберу мүмкіндігіне ие болдық», – дейді.

Бұл жүйеін құруға небары 2 күн кеткен.

Әрине, құрылған жүйе мінсіз емес. Бірақ ол шынайы өмірде жұмыс істейді және енгізілген кілт сөздердің көбін тани алады.

Жүйе батареяның қуатын көп тұтынбайды және Wi-Fi қызметі қосылғанда, смартфон ақапарттың жіберіліп жатқандығынан белгі берілмейді екен.

«Біз телефон арқылы тың тыңдауға болатынын дәлелдедік. Ал бұл жүйе өмірде қолданыла ма? Мүмкін»,- деп қорытындылайды Кен Монро.

Google жауабы

Жоғары мүмкіндікті технология саласында жұмыс істейтін алып компаниялар аталған мәселеге қатысты тұжырымымызды жоққа шығарды.

Google компаниясының айтуынша, тұтынушы дауысты тану қызметін қолдану үшін «о’кей Google» демейінше, жарнама не басқа мақсаттар үшін дауыстың қолданылмайды, тіркелмейді де. Компания өкілі дыбыс тіркелуі тек дыбыстық қызметтерді іске қосу үшін қолданылатынынан хабар берді.

Сонымен қатар, Google басқа компаниялармен аудиофайлдарды бөліспейтін көрінеді.

Facebook компаниясы түрлі брендтерге микрофон арқылы қабылданған ақпаратқа сәйкес жарнама жіберуге рұқсат бермейтінін, қолданушының келісімінсіз ешкіммен ақпаратты бөліспейтінін мәлімдеді. Компания өкілінің сөзі бойынша, жарнама тек қолданушы әлеуметтік желіде бөлісетін ақпараттар мен іздеу жүйесіндегі сұранысқа негізделеді екен.

Өзге де ірі компаниялар аталмыш технологияның қолданылуын теріске шығарады.

Талқылау