Сиви Махмудиді алдап соққан жігіт Нағима Есқалиеваны тәнті етті (видео)
Сиви Махмудидің қарамағындағы “Саламат” тобында өнер көрсеткен Әділхан Макин тағы бір отандық жобаға қатысуда. Бұған дейін Сивиді алдап, Қыдырәлі Болмановтың продюсерлік орталығын “паналаған” жігіт “Х-фактор” музыкалық байқауының алғашқы кезеңінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған музыкалық жобаның биыл жетінші рет “Еуразия” бірінші арнасында өтіп жатқанын айта кетейік.
Әділхан Макин бұған дейін де отандық “Қазақстан дауысы” жобасына қатысқан. Сондай-ақ, жас өнер иесі продюсер Сиви Махмудидің “Саламат” тобында 2 жылдай жұмыс істеген. Әйтсе де, Сивимен келісім-шарты тоқтамастан, танылудың өзге де жолдарын іздеген. Бұл туралы Махмуди тобын таратқан шақта айтқан болатын.
“Ішіндегі ең суайт жігіт Әділхан Махин Қарақат пен Қыдырәліге кіріпті. Мен ол жігітке қанша жақсылық жасасам да, кірген. Оны маған әкем айтты. Сосын мен Қарақат әпкеге қоңырау шалып, ол жігіт менің жобамда дедім. Ол кісі: «Ол жұмысқа мен араласпаймын. Бірақ ондай болса, мен алмаймын. Сені сатқан адам, кейін бізді сатып кетпесіне кім кепіл?” деді”, – деген еді Сиви.
Әйткенмен, Сиви сөз етіп отырған жігіт Нағима Есқалиева мен Ділназ Ахмадиеваны жобаның алғашқы кезеңінде-ақ талантымен тәнті етті.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.