Сиви Махмуди әншілерді сахнаға іріктеп шығаруды ұсынды
Соңғы уақытта «Зың-зың» сынды мән-мағынасы жоқ әуендер көбейіп кетті. Бұл жайт шоу-бизнес өкілдерін алаңдатып отыр. Сиви Махмуди әншілерді іріктеп барып сахнаға шығарса, пайдасынан зияны көп «әндер» азаяр еді деп отыр.

Бұл туралы Сиви «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
“Басқа елдерде сияқты көркемдік кеңес қою керек, тек лизенциясы бар әншілер ән айту үшін. Қандай музыкалдық мектепті бітірген, тәжірибесі қандай? Әйтпесе қазір өзімнің де таныстарым көп, “ән айтқым кеп жатыр, хобби” деп бастайды да кіріп кетеді”, – дейді Сиви.
Ал Мөлдір Әуелбекова әншілердің көбейгені бір жағынан жақсы деген пікірде. Оның айтуынша, нағыз талантты халық бәрібір іріктеп алады.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"