Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириялық босқын ескі шкафтан 150 мың евро тауып алды

Германияның Минден қаласында тұратын сириялық 25 жастағы босқын Муханад Мұса сэконд-хандтағы шкафтан 150 мың евро тауып алған.

771989

Бұл туралы de.sputniknews.com хабарлайды.

Ол тапқан ақшаны бірден полицияға алып келген. Әділ сириялықтың бұл әрекеті немістердің жүрегін елжіретіп, ол туралы елдегі БАҚ-тар жаза бастаған. Тіпті оған сыйақы беретінін айтқанымен, іс одан әрі жылжымай қалыпты.

Муханад болса әу баста ақшаны өзінде қалдырғысы келгенін жасырмайды. Кейін ақша заңды иесіне қайтқаны дұрыс деген оймен полицияға апарып берген.

“Бірден ойыма Сириядағы отбасым түсті. Бұл ақша оларға көмектесіп, Германияға алып келуге толықтай жететін еді. Сирияда қазір соғыс, тым қауіпті жағдай болуда. Менің екі ағамды әскерге шақырып, соғысқа алып кетуі мүмкін. Онда не өлесің, не өлтіресің”, – дейді Мұса.

Босқындар тым кедей күй кешетіндіктен, жас жігіт өзіне де ақша қатты қажет екендігін мойындады. Ол тіпті ақшаның заңды иесімен жолығып, ол Мұсаға 1600 евро көлемінде сыйақы беретінін де айтқан. Алайда ол уәде әлі орындалмаған. Мұса дәл қазіргі таңда отбасын осында көшіріп әкелуді армандап жүр.

Талқылау