Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириядан келген қазақстандық әйел: Олардың ұрандары – жалған, біз сияқтыларды жай ғана пайдаланады

Қазақстандық Әсем (есімі өзгертілген – ред.) күйеуінің соңынан еріп, екі баласымен бірге Сирияға аттанған. Күйеуі оған бұл мемлекетті мұсылмандарға арналған жұмақ ретінде сипаттаған. Алайда әйел ол жаққа барған бойда бәрінің керісінше екенін ұғады. Арада бірнеше ай өткеннен кейін күйеуі көз жұмған. Нәтижесінде ол екі баласымен бірге жат мемлекетте қалып қояды.

Сириядан келген қазақстандық әйел: Олардың ұрандары – жалған, біз сияқтыларды жай ғана пайдаланады

Сурет: "Настоящее время"/видеодан скриншот

Бұл туралы «Настоящее время» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Қазақстандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлемді арнайы операция жүргізіп, Сирияда жүрген 47 қазақстандықты елге қайтарған еді. Солардың ішінде Әсем де бар. Әйелдің сөзінше, ол Сирияға күйеуіне еріп барған.

«Сол жақта Құранда сипатталғандай халифат болады деп ойладым. Алайда мен тап болған жағдай одан алыс. Ол жаққа тап болғаннан кейін, қайтып шығу мүмкін еместігін ойлайсың», - дейді қазақстандық әйел.

Әсем өзге елге кетіп бара жатқанын туыстарына айтпаған. Себебі ата-анам жібермес еді, дейді. Оның күйеуіне деген махаббатының күштірек болғаны сонша, бәріне көз жұмып, жат мемлекетке кете барған.

Өкінішке орай, Сирияға келгенінен бірнеше ай өткеннен кейін әскери қақтығыс кезінде Әселдің күйеуі көз жұмады. Ол күйеуінің өлімінің мән-жайы туралы ештеңе білмейді.

«Ол шекараға кетіп, сол жақта қайтыс болды. Ол жақта әйелдерге күйеуінің өлімнің мән-жайы айтылмайды», - дейді Әсем. 

Оның сөзінше, Сирияда жүргендердің дені елге оралуда армандамайды. Себебі қашып кетуге тырысқаны үшін өлім жазасына кесіледі.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін Әсем екінші мәрте тұрмысқа шыққан. Ол екінші күйеуінен тағы екі баланы дүниеге әкеліпті. Осылайша Сириядағы 4 жыл өмірі өте шыққан.

«Бірде біз жолсеріктерге ақша беріп, бізді күрттердің лагеріне алып барды. Сол жерде туыстарымызбен байланысқа шығу мүмкін болды», - дейді әйел.

Бүгінде отанына оралған Әсеммен психологтар жұмыс жасап жатыр. Ал оның күйеуі жасаған қылмыстары үшін сот алдында жауап береді. Әсем күйеуін соңына дейін күтетініне сенімді.

«Ол жақтағы өмірді мінсіз етіп көрсетудің керегі жоқ. Экстремистерді мінсіз етудің қажеті жоқ. Ол жаққа тап болғаннан кейін – кері жол жоқ. Олардың ұрандары – жалған. Ол жақта дін емес, тек саясат. Біз сияқты сенгіш адамдарды жай ғана пайдаланады», - дейді Әсем.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау