Сирияда туған сиам егіздері ажырату операциясына дейін шетінеп кетті

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 12:40

Сирияда денелері бір-біріне жабысып туған сиам егіздері Наврас мен Моаз қайтыс болды. Шетелге апарып, денелерін ажырататын операцияға жетпей егіздер көз жұмыпты.

_90902046_syriatwins

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Екеуі бірге 5,4 келі болған сәбилер бір ай бұрын Дамаск қаласына жақын маңдағы үкімет әскерімен қоршалған Дума қаласында дүниеге келген. Оларды 12 тамызда аталған қаладан эвакуациялап биліктің рұқсатымен балалар ауруханасына алып келген.

Бірақ, олар шетелге кететін құжаттар әзірленіп жатқан кезде қайтыс болған. Ал Сирия оппозициясының сайты бұл қайырымдылық ұйымының басшысы Мохамад Катубтың мәлімдемесін жариялады. Онда ұйым басшысы шетелге жіберетін құжаттарды әзірлеу кезінде жылдамдық танытпаған сыртқы істер министрлігін кінәлаған.

_90903393_syriatwinsambulance

Өткен аптада Катуб Сирия билігі тарапынан орын алып жатқан кідіріске байланысты алаңдаушылық танытып сұхбат берген болатын. Ал балаларды емдеуге байланысты АҚШ пен Сауд Арабиясынан ұсыныстар түскен. Екі ел де Сирия президенті Башар Асадқа қарсы күштерді қолдайды.

Дүйсенбі күні кешке Катуб твиттерге: “Навраз мен Моазға бір ай толды. Олар күлкі тудыратын эвакуация проецесі қашан басталар екен деп күтуде” деп жазды. Екі тәулік өткен соң ол егіздердің өлгенін хабарлады. Үкімет әскері оппозиция қолына өтіп кеткен Думаны екі жылдан бері қоршауға алған. Егіздер өмірге келген аурухана барлық көмек көрсететін жағдайдан жұрдай екен.

Эвакуация шешімін күтіп шаршаған соң үш аптадан кейін дәрігерлер әлеуметтік желі арқылы билікке хабарласуға әрекеттенген. Олар “егіздерді эвакуациялау керек” хештегімен хабарлама жазған. Екі күннен соң арнайы жедел жәрдем көлігі келіп, егіздерді анасымен бірге үкімет күштерінің бақылауындағы аймаққа жеткізілетіндігі белгілі болған. Ал сирия-америкалық медициналық қауымдастығы Сириядағы бірде бір аурухана егіздерді ажырату операциясын жасай алмайтынын хабарлады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар