Синоптиктер сәуір айының ауа-райы болжамын жасады
Көктемнің алғашқы жарты айы өткенімен ызғар әлі де бетті қариды. Мамандар сәуір айында ептеп күн жылына бастайтынын айтты. Алайда, еліміздің бірқатар аймағында жауын жауады деп болжануда.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Алдын ала болжам бойынша, Қазақстанда сәуір айы жылы болмақ. Ауа температурасы қалыпты нормадан бір градусқа жоғары болады. Ал, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Қостанай облысында ауа температурасы қалыпты жағдайда болады.
Астана мен Алматыда жылы болады. Ауа температурасы қалыпты нормадан жоғары болады деп күтілуде. Астанада көп мөлшерде жауын жауады. Алматыда жауын-шашын мөлшері қалыпқа сай болмақ. Тек таулы аймақтарында қалыптын тыс көп жауады.
Синоптиктер ауа-райына байланысты бұл болжамға өзгеріс енуі мүмкін екенін ескертті.
Талқылау

"Эфирден қиып тастайды, концертке қатыстырмайды": Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болған
Ерлан Төлеутай: "Орану – сахна әдебіне қайшы"

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
Соның ішінде ең көп қымбаттағандары: шоколад – 28%, глазурленген кәмпиттер – 13,9%