Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер елімізде қатты дауыл соғып, бұршақ жауатынын ескертті

Ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.

dddbff3d33bdc0f4e11d8bb074518be9_crop_l_3_t_49_w_702_h_395

Республиканың батысында, оңтүстік батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал, бұршақ жауып, дауыл болуы күтіледі.

Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Алматы, Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Талқылау