Синоптиктер алдағы уақытта Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынатынын болжады
Синоптиктердің болжауынша, жуырда Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынад. Алдағы үш күнде Қазақстанның бүкіл территориясында аяз қайтады деп болжайды Қазгидромет.

Қазақстанның басым бөлігінде белең алған қатты аяз жуық арада бәсеңдейді, синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстанда күн жылынып қар жауады, боран соғады.
“Қазақстандағы өте суық ауа-райын ұстап тұрған қуатты антициклон, жылы және ылғалды атлантикалық ауа қысымының салдарынан ақырындап бұзыла бастайды. Алдағы үш тәулікте республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарында температура көтеріліп, сондай-ақ қар жауып, бұрқасын тұрып, қатты батыс желі соғады деп күтілуде”, – делінген Қазгидромет хабарламасында.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста антициклон ықпалының нәтижесінде жауын-шашынсыз суық ауа-райы сақталады. 24 қарашаға қарай шығыс облыстарда аяз аздап бәсеңдейді деп болжанады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан