Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Singer жобасына арабша киініп келген Еркін Мәуленді қазақ әншілері танымай қалды

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен Еркін Мәулен отандық I am a Singer жобасында бағын сынап көрді. Іріктеу кезеңіне келген ол арабша ән орындап, әріптестерін таңғалдырды. Қызығы сол, Сәкен Майғазиев пен Мақпал Исабекова Еркін Мәуленді танымай, таңырқап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Еркін Мәулен

Еркін сапалы ән болмағандықтан, сахнаға орала алмай жүргенін ашып айтты. Өнер иесі аталған жоба арқылы тыңдарманымен қайта қауышқысы келетінін жеткізді.

“Өйткені мен әрқашанда сапалы дүние айтып, халықтың алдында сапалы материал көрсетіп жүргендердің әншілердің қатарындамын. Бұл байқау менің сахнаға қайта оралуыма көмектеседі деген ойдамын. Өзімді халықтың алдында көрсеткім келеді”, – деген Еркін арабтың киімін киіп, арабша ән орындады.

Бір қызығы, сахналық әріптестері Еркін Мәуленді танымай қалды. Мақпал Исабекова:
“Еркін Мәуленді танымай қалғанымыз қалай кетті?” – деп таңырқады.

Үш бірдей төреші де Еркіннің екінші кезеңге өтуіне мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, дәл осы жобаға Бейбіт Қорған қатысып, екінші кезеңге өте алмай қалған болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау