СІМ: Оңтүстік Кореяда жарылыстан жапа шеккен Қазақстан азаматына шұғыл ота жасалды

Дүйсенбі, 4 Сәуір , 2016 19:25

Оңтүстік Кореяда жарылыстан жапа шеккен Қазақстан азаматына шұғыл түрде ота жасалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

министрлік

«Қолда бар ақпарат бойынша, 2016 жылдың 4 сәуірінде Оңтүстік Кореяның КХДР-мен шекаралас жатқан Канвон провинциясында жарылыс орын алды, салдарынан 1962 жылы туған Қазақстан азаматы зардап шекті. Арнайы санитарлық ұшақ бортымен ҚР азаматы Сеул қаласының «SeoulYonsei» ауруханасына жеткізіліп, онда оған жедел түрде ота жасалды. Оқиға салдарынан ол оң аяғындағы төрт бақайынан айырылып отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтың хал-жағдайы тұрақты», – делінген хабарламада.

Сеулдағы ҚР Елшілігінің хабарлауынша, ол Оңтүстік Кореяға медициналық тексеруден өтуге келген. 2016 жылы 31 наурызда ол азамат аталған провинцияға женьшень өсіретін фермаға жұмысқа орналасқан.

Тергеудің алдын ала мәліметтеріне қарағанда, жарылысқа 1951-53 жылдарындағы кореялық соғыстан жарылмай қалған минадан болуы ықтимал. Қазіргі уақытта Кореяның Ұлттық полициясы және Қорғаныс министрлігінен құрылған тергеу тобы жұмыс жасап жатыр және зерттеу нәтижелерін қосымша хабарлайтын болады. Бұған дейін Оңтүстік Кореядағы жарылыс кезінде  Қазақстан азаматы  зардап шеккенін айтқан болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар