Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ “Ислам мемлекеті” жауынгерлерінің Орта Азияға оралғанын ескертті

СІМ Қайрат Абдрахманов “Ислам мемлекеті” жауынгерлерінің елге оралуынан болатын қауіп-қатерді айтты.

Айтуынша, бұған жіті назар аудару керек.

“Сириядағы ДАИШ террорлық ұйымы лаңкестерінің өз отанына, соның ішінде Орта Азияға оралуында қауіп бар. Мұны жіті назарда ұстау керек”, -делінген министрлік хабарламасында.

Сыртқы істер министрінің айтуынша, Сириядағы ішкі ахуалды ерте қалыпқа келтіру -тұрақсыздық көзін локализациялаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Атап өтілгендей, бұл – Қазақстанның ресми позициясы.

Айта кетейік, Астана Сирия мәселесін шешу алаңы болып отыр. Шара ұйымдастырушылары қатысушылардың басын бір жерге біріктіріп, келісімге келуді көздеп отыр. Отырыс барысында Женевада конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылданды.

Сирияда жанжал 2011 жылы басталды. 2017 жылдың соңғында “Ислам мемлекеті” террорлық ұйымының жеңіске жеткені мәлімденді. Алайда кей аймағында жауынгерлік ұрыс әлі жалғасуда. Бірінші кезекте саяси ахуалдар мен босқындардың оралуы мәселесі қозғалып отыр.

“Ислам мемлекеті” ұйымына Қазақстан мен Ресейде, өзге де елдерде тыйым салынған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау