Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға байланысты алаңдаушылық танытып отыр
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Ведомстводағылар бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды.
«Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады», – дейді ведомстводағылар.
Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістанның әуе-әскери күштерінің ұшақтары Кашмирдегі лаңкестер лагеріне соққы жасады. Қала Үндістан мен Пәксітанды бөліп тұрған бақылау сызығы ауданында орналасқан.
Айта кетсек, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қайшылық бүкіл әлемге несімен қауіп төндіретінін жазған едік.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде