Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма?: Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады

Сенат депутаты Бақытжан Сағынтаевтан сыртқы істер министрлігі тарапынан осы сұрақты зерделеп, сараптау үшін қандай жұмыстар жүргізілгенін сұрады.

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев бүгін үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, Қытайдағы қазақтарға “билік қысым көрсетіп жатыр” деген ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын, егер рас болса, мемлекеттік құзырлы органдар осы мәселені шешу үшін не істеп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik.

“Қытайда тұратын қазақ диаспорасы ең ірі диаспора екені белгілі. Негізгі қоныс құрған жерлері – Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағы және Цинхай мен Ганьсу провинциялары. Қытай  Халық Республикасының Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағында тұратын қазақ ұлтының өкілдері қысым көріп келеді деген әңгіме шілде айындағы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында көтерілген болатын. Содан бері ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерде Шыңжаңда қоныс тепкен бір жарым миллионнан астам қандастарымыздың заңды құқықтарының шектелуі жөніндегі әңгіме кеңінен таралып келеді”,  — деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

Ол қазақтардың діни құқықтарының шектелуі, шетелге шығу төлқұжаттарына шек қойылуы, оралман құжаттарын қолына алған қазақ ұлты өкілдерін оны қайтадан тапсыруға мәжбүрлеу туралы ақпарат тарағанын айтты.

“Менің сауалымның түйіні осы ел ішіндегі, Қытайдағы қазақ диаспорасы құқықтарының шектелуі жөніндегі ақпарат шындыққа қаншалықты жанасады? Жалпы, Қытайдағы қазақ диаспорасының жағдайы мен  құқықтары сақталуының қорғалу деңгейі  қандай? Шынымен де қазақ этносының өкілдері қысым көріп келе ме?”, — деді ол.

“Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі тарапынан осы сұрақты зерделеп, сараптау үшін қандай жұмыстар жүргізілді? Бұл өзекті мәселе бойынша қытай тарапымен келіссөздер не болмаса консультациялар жүргізілді ме? Ал жоғарыда көтерілген ақпарат расталған жағдайда, мемлекеттік құзырлы органдар осы мәселені шешу үшін қандай әрекет қолданып жатыр?”, — деп жолдады депутаттық сауалын Қылышбаев.

Еске сала кетсек, 23 маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ елбасыға Қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіп, қандастарымыздың құқықтарын таптап жатқанын жеткізген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырған еді.

Тағы да оқыңыз:

Алматыдағы ХҚКО тұрғындар туралы мәліметті өзгелерге заңсыз таратқан

Назарбаевтың “егізі” әділдік үшін өзін өртеуге дайын екенін айтты (фото)

Тұрмысқа жаңа шығып ана атануына екі ай қалған келіншек сәбиімен бірге көз жұмды

Талқылау