Шымкенттік әнші жұртты ерекше шаш үлгісімен таңғалдырған қалыңдығы туралы айтып берді

«Қазақстан дауысы» және «Хочу к Меладзе» жобаларына қатысып танылған әнші MAKVIN (Нұрболат Базарбаев) шаңырақ көтерді. Алайда, желі қолданушылары кеше ғана отбасын құрған Нұрболат Базарбаевтың үйленгенін  емес, оның қалыңдығының ерекше шаш үлгісін әңгіме қылып, сөз етті. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шымкеттік әнші жұртшылықты ерекше шаш үлгісімен таңғалдырған қалыңдығы туралы айтып берді

Ал, әнші өз кезегінде таңдаған жары Жания  туралы бірнеше деректермен бөлісіп сүйіктісінің шаш үлгісі жайлы да айта кетті. Оның айтуынша, Жания беделді отбасында тәрбиеленген, биші қыз.

«Оның ата-анасы химия және физика ғылымдарының мамандары. Ал, Жанияның өзі спорттық-бал биі бойынша спорт шебері. Ол көптеген халықаралық марапаттарға ие»,- деді әнші.

Сондай-ақ, Жания ұзақ жылдар бойы Италияда және АҚШ-та тұрып, онда би өнерімен  айналысқан көрінеді. Шетелде жүріп манбаптық шеберлікке жеткен бойжеткен спорттық- бал билері бойынша әлем чемпионатының вице-чемпионы.

Шымкеттік әнші жұртшылықты ерекше шаш үлгісімен таңғалдырған қалыңдығы туралы айтып берді (видео)

Алайда, желі қолданушылары қалыңдықтың өнерін емес, оның шаш  үлгісін қызу талқылады. Әнші оқырмандардың назарына ілінген жарының ерекше шаш үлгісі туралы да айта кетті.

«Солай жасағымыз келді. Ол үйлену тойына 10 күн қалғанда ғана шашын алдырып тастады. Біз еркін және шығармашылық адамдармыз. Бізде шашты алуымыз керек немесе  керек емес деген ой жоқ», – деді әнші.

Сонымен қатар, әнші қалыңдығының да өзінің де отбасының заманауи адамдар екенін айтып, бұл ерекше той екі жақтың да көңілінен шықты дейді.

«Бәрі тыныш, ешқандай дау-дамайсыз өтті. Менің бүкіл туысым Шымкенттікі, олардың бәрі салт-дәстүр ұстанған адамдар. Тойда бәрі мәз-мейрам болып, қуанып жүрді. Яғни, оған ешкім ұят деп қараған жоқ. Ал, келінінің бетін ашқан әжем менің шаңырақ көтергенімен қатты қуанып, Жанияға тамсана қарады»,- деді әнші.

Публикация от MAKVIN (@makvinmn)

Еске сала кетейік, күні кеше атышулы блогер Айжан Байзақова шашын тақырлап алып тастаған қалыңдықты жақтап сөйлеген болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар