Шымкенттің тұрғыны қызын теледидар қарауға кедергі жасағаны үшін пышақтады
Шымкентте ер адам қызын пышақтағаны үшін жазаланды. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

58 жастағы Шымкент тұрғыны асханалық пышақпен 28 жастағы қызын пышақтады. Қызы теледидар көруге кедергі жасаған. Әйел ауруханаға арқа тұсындағы ауыр жарақаттарымен түсті. Дер кезінде көмек көрсетілген соң, ол аман қалды.
Абай аудандық соты 58 жастағы ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот Элеонора Бақырованың айтуынша, тергеу жұмыстары кезінде ер адамның кінәсі дәлелденді. Алайда ол ауыр жарақаттар алған қызына алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемді шақыртқан. Ер адам қызының емін төлеп, ауруханаға жиі келіп тұрды. Сотта ол өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін көрсетті. Қыз әкесін кешіретінін мәлімдеді.
Сот шешім шығарарда осыны ескерді.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген