Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің орталығында болған атыстан ер адам көз жұмды

9 қаңтар күні Шымкенттің орталығында атыс болып, нәтижесінде ер адам көз жұмған.

otyrar_kz-00005-746x420

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

“Кәмшат” кафесінде болған жанжалдың соңы төбелеске ұласып, ақыры қайғылы жағдайға әкеп соқтырған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше жігіт кафеде отырып керісіп қалады. Бұдан соң араларындағы біреуі тапанша алып шығып атыс жасаған.

Криминалистер оқиға орынынан 7 оқ тапқан. Ал оқ жарақаты бар ер адамды дәрігерлер кафе орналасқан Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан тауып алған.

“Жедел жәрдем” таңғы 05:20-да оқиға орынына жедел жеткенімен, ол кезде ер адам жан тапсырған екен. Алдын-ала деректер бойынша, қайтыс болған 1986 жылы туған Бауыржан есімді жігіт. Қазір құқық қорғау органдары жағдайды зерттеп жатыр.

Оқи отырыңыз:

ШҚО тұрғыны бір жыл бойы ағасының қыздарын зорлап келген

Кішкентай бала 7-қабаттан куәгердің көз алдында құлап кетті

Оқыс жағдай: Шымкентте екі қабатты үй опырылып құлады

Алматы облысы тұрғындары мұғалімнің жеткіншектерден таяқ жедім деп жала жапқанын айтады

Талқылау