Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік жігіт қыздарды кездесуге шақырып тонаған

Шымкентте полицейлер әлеуметтік желінің көмегімен алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.

1479967141_1vbinyutrex

ІІД мәліметінше, полицияға 28 жастағы қыз арыз берген. Оның айтуынша, алаңда оған бір ер адам жақындап, алдап-сулап алтын бұйымдарын тонап кетіпті. Жедел іздеу шаралары барысында бұрын сотталмаған 1985 жылғы күдікті ұсталды.

“Алаяқ әлеуметтік желі арқылы қыздармен танысып, кездеуге шақырған немесе ұялы телефонын сатқысы келгендермен сайт арқылы хабарласып, келіскен. Кейін оларды кездесуге шақырады. Сенімге кірген соң, алдап-сулап, алтын бұйымдарды, ұялы телефондарды және басқа да бағалы заттарды тонап кеткен. Ұрланған заттарды сатып, өз қажетіне жаратқан”, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір оның сегіз алаяқтыққа қатысы бары анықталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Талқылау