Шымкенттік полицей жас қызды өлімнен құтқарған ерлігі үшін пәтерге ие болды
Шымкенттік учаскелік полицей Тұрар Артықбаев жас қызды өлімнен қорғап қалғаны үшін пәтерге ие болды.
Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлады.
Марапаттау рәсімі ҚР ішкі істер органдарының 25 жылдық мерейтойы аясында өтті. Еңбекші аудандық қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Тұрар Артықбаев 13 жылдан бері қоғамдық тәртіптің сақшысы болып еңбек етіп келеді. Ол сегіз жыл бұрын болған оқиғаны бүге-шігесіне дейін біледі.
“Бұл 2009 жылы, Тәуке-хан даңғылы бойында кешкі сағат 19:30 шамасында болды. Қылмыскер өзі жақсы көрген, бірақ қарсылық білдірген қызды өлтірмекші болды”, – дейді ол.
Ол кезде Тұрардың жасы 23-те болған. Жас қыз өзіне 50 жастағы ер адамның тиісіп жүргенін айтып полицияға шағымданған. Айтуынша, ер адам үнемі телефонына хабарласып, екеуінің кездесулерін талап етеді екен. Оның сөзін тексермек болған Артықбаев, келісілген кездесу орынына барады. Сол кезде ер адам полицияға айтқаны үшін қызға тиісіп, қарумен қорқыта бастайды. Атыс кезінде полицей бұзақының қолындағы қаруды тартып аламын деп, өзі жараланады. Содан кейін қылмыскер қолға түскен.
Оқи отырыңыз:
Президент: Әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі
Үш жұмыста қатар істейтін жалғызбасты әке өзіне келіншек іздеп жүр
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары ауысты
Атырауда туған анасы ер жетіп қалған ұлын интернатқа өткізді

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
