Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік оқушы автокөліктердің қымбат нөмірлерінің топтамасын жинаған (видео)

Бейнетоптамаға 40-тан астам шымкенттік көліктердің VIP-нөмірлері енген. Қымбат нөмірлерді тіпті қымбат машиналар ғана жапсырмаған, арасында қарапайым жүк көліктері де бар.

nov-nomer

Ұлықбек атындағы №3 мектеп оқушысы Самандар Мирзолиев өзінің YouTube әлеуметтік желісіндегі парағында қымбат көлік нөмірлері енгізілген видеоны жария етті. Бұған аз еңбек кетпегені байқалады. Шымкенттегі бірінен бірі асып түсетін, мемлекеттік қымбат нөмірлердің кез-келгенін осы жерден табуға болады.

2014 жылдан бастап күшіне енген заң бойынша, автокөлік иелері мемлекеттік нөмірлерді коммерциялық негізде ғана таға алады. Бағасы да 253 мыңнан бастап 422 мыңға дейін түрленеді.

Былтыр, Петропавл тұрғыны отбасы мүшелері үшін бірдей нөмір сатып алған болатын.

Талқылау