Шымкенттік мұғалімдер тесттен аз балл жинап ұятқа қалды

Шымкентте ұстаздар тест тапсыруды бастады. Өйткені, олар үнемі шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттырып отыруы қажет.

Тестілеу қорытындысына сай мұғалімдердің білім деңгейі тексеріледі. Сөйтіп, жоғары нәтже көрсеткендер пәнаралық олимпиадаларға іріктеледі. Ал, төмен балл жинағандарға тағы бір мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды tvk арнасы. 

Балаға білгенін үйрететін ұстаздардың басым көпшілігі жоғары нәтижеге қол жеткізіп, білімін дәлелдеп жатыр. Бірақ, арасында төмен балл жинап, ұятқа қалғандарда кездеседі. Ондайларға тестті қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Егер екінші рет мықтылығын көрсете алмаса, орнын босатуы тиіс,-дейді Жанат Тәжиева.

“Өте төмен балл жинаған ұстаздар өздері ұялып кетеді,- деп ойлаймын. Егер білімін жетілдіре алмаса. Жасыратыны жоқ кейбір жоғарғы оқу орнын бітіріп келген ұстаздар кездесіп жатады. Кешегі қорытындыны қарасақ, арасында ең төмен нәтиже көрсеткендер бар”, – дейді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 14 мың ұстаз бар. Оқушылардың демалысқа кеткенін пайдаланып білім бөлімі олардың барлығын тестілеуден өткізіп алмақ.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Латын әліпбиіне көшуге қанша қаржы керек екені белгілі болды

Шымкентте жүрек тұсынан пышақталған жігіт жанжалдың неден шыққанын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар