Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік келіннің шынайы өмірі

Соңғы кездері  ОҚО-да келін болу қиын немесе  осы өңірде келіндерге деген талап пен сынақ күшті деген сөздер жиі айтылып жүр. Ел арасындағы  түрлі болжамдардан кейін STAN.KZ сайтының өңірдегі тілшісі қарапайым бір әулеттің түтінін түтетіп отырған Салтанат келіннің бір күнін түсірген еді.

келін1

Салтанат әр  күнін ертеңгісін отбасындағылар ұйқыдан тұрмай жатып сиыр сауып бастайды. 21 жасында келін болған Салтанат Турабаева бүгінде үлкен әулеттің қара шаңырағыныда отырған сыйлы келін. Ата- енесін күтіп, күйеуі мен екі қызының  да жағдайын жасайды. Үлкен шаңырақтың бар шаруасын тындырып жиі келетін қонақтарын да көңіліне қарап, қабағын шытпай, барын алдарына қойып күтіп алады.

келін3

 

келін2

Әдеттегідей сауылған сүтті даладағы қазанға пісіріп алады. Әрине келіншекке үй шаруасында күйеуі көмектеседі. Мысалы, Салтанат сүтін пісіріп жатқан кезде Бауыржан малдарды жайғастырады. Бауыржан Турабаев келіншегіне үйленерден бұрын бір рет ғана кездесіпті. ОҚО-дағы белгілі ЖОО-ның бірінде білім алып жүрген қызды екінші рет кездесуге шақырып, алып қашқан.

келін

Отбасындағы үлкен кісілер ұйқыдан тұрмай жатып үйдің келіні ауланы да тазартып үлгеруге тырысады.

келін7

Қалған сүтті таңғы шайға бөлек пісіреді екен.

келін16

Бір рет ғана кездескен жігітке алғашында тұрмысқа шығуға қорыққан Салтанат ойлана келе аттаған босағада қалуды шешкен. Бүгінде үлкені 3 жаста кенжесі 1 жастан асқан екі қызы бар.

“Менің арманым осы екі қызыма қорған болатын ұл табу. Әрине бір ұл емес кемінде екеу. Құдайдың бергенін көрерміз. Бірақ, көп балалы ана атансам да қарсылығым жоқ. Қайта қуанар едім”,-дейді Салтанат.

келін18

Таңғы шайдан кейін үйдің келіні екі  қызын балабақшаға өзі апарып тастайды. Міне осыдан кейін үй жұмыстарына толықтай кіріседі.

келін15

келін10

ОҚО-да тандырға жауып пісірген нанды көбірек жақсы көреді. Әсіресе үйге келген қонақтар мен отбасындағы үлкен кісілер сүтке иленіп, тандырда піскен нанды келіннің пысықтығы деп біледі.

келін9

келін19

келін25

келін20

Әулеттің кенже келіні қарашаңырақта отырғандықтан ата-енесіне барынша жағдай жасауға тырысады. Тіпті даладағы қазанда піскен бауырсақтың дәмі ерекше болады деп санайды.

келін3    келін4

Қазанда піскен сүттің майын ескі әдіс бойынша күбімен піскен дұрыс екен. Май таза алынып, табиғи дәмі де сақталатын көрінеді.

келін13

келін14

келін17

Майы алынған сүтің айранынан Салтанат құрт дайындайды. Күйеуі Бауыржанның  үш ағасы бір әпкесі бар. Әрине олардың барлығы шаңырақ көтеріп еншілерін алып кеткен. Үлкен отбасының негізгі шаңырағында қалған келіннің негізгі міндеті осында келетін қонақтардың барлығын жылы қабақпен қарсы алып, ата-енесіне жағдай жасау.

келін5

Салтанат кенже келін болғандықтан әулеттің үлкеніне де кішісіне де иіліп сәлем салып барлығына құрметкөрсетеді. Қайын апасы мен абысындарының балаларына “сіз” деп сөйлеп атын ешқашан атамапты.

“Мен өз отбасымда осындай тәрбиені көріп өстім. Қайын сіңлі,інілеріме ат қойып,сәлем салып, орамал тағу маған ешқандай да таңсық болған жоқ”,-дейді Салтанат.

келін24

Кешкі асты әзірлеген үйдің келіні енесінің көңілін көтеру үшін абысындарын да жиі шайға шақырып тұрады екен.

келін23

Салтанат студент кезінде тұрмысқа шығып биология пәнінің мұғалімдігі бойынша дипломын алып алған. Жас келін енді  ауылдағы мектепке жұмысқа тұруды армандап жүр. Алдағы уақытта тағы да перзентті болсам деген келіншек  барлық істі қатар алып жүреріне де сенімді.

келін11

“Мен үй шаруасынан, ата-енемнің жағдайын жасауды ауыр іс деп айтпас едім. Өзімнің де ата-анам келіндеріне қарап отыр. Сондықтан күйеуімнің ата-анасына қолымнан келгенше бар құрметімді жасасам деймін. Үлкен кісілердің батасымен көгеріп, өркендеп өсек екен деген тілегім бар”,-дейді Салтанат.келін12  Салтанат қазір 25 жаста. Күйеуі өзінен 7 жас үлкен екен. Осы шаңыраққа тура  21 жасқа толған күні келін болып түсіпті. Кенже келін бүгінде ата-енесінің, абысындары мен қайын жұртындағы үлкен кісілердің сүйікті келіні екен.

келін22

Талқылау