Шымкенттік бақсы бала түсінде аян берген соң қобызбен жұртты емдеп кеткен

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 9:41

Елге ем қондырып жүрген жандар жайлы әңгімеге құлағымыз қашанда түрік. Бүгінгі кейіпкеріміз – Берік Ерболатпен де шымкенттік Гүлжанат Қожамбердиеваның айтуымен таныстық. Өткен аптада редакцияға келген оқырман біраз уақыттан бері мазалап жүрген жайсыздығынан Беріктің дем салуы арқылы айыққанын айтып, алғысын білдірген еді.

kobizben emdeidi

Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

«Біраздан бері қан қысымым түспей, мазам қашты. Ұйықтайын десем көзім ілінбей, түнімен дөңбекшіп шығамын. Ауыр жүк арқалап жүр¬гендей еңсем түсіп, ештеңеге зауқым соқпайтыны тағы бар. Кейде өзімнен-өзім аласұрамын. Жүрек тарсылдай соғып, тағы қинайды. Жер тартып жата беремін. Өмір¬ге деген қызығушылық, алға ұмтылу дегеннен жұрдай болдым. Болмай бара жатқан соң Берікемшіні іздеп бардым. Оның емі жақсы дегенді бұ-рыннан еститінмін, рас екен. Жасы жиырмадан жаңа асса да бойынан тараған қуаты мықты екені көрініп тұр. Құмалақ тастап, халімді айтқызбай ұқты. Тәспісін айналдыра отырып дем салды, қобызын тартып, желкеме мінген көрінбес жүкті сейілтті. Дағара да тартады екен. Массаж жасайтынын жұрттан естігенмін. Не керек, осындай емінің арқасында айларға созылған ауруымнан жеті күнде аттай болдым. Қант диабеті бойынша есепте тұрушы едім, емнен кейін ол да қалыпқа келді. Көріпкелдігі бар ма деп қалдым, өйткені өткен-кеткен жайларды айтқызбай біледі», – дейді Қожамбердиева.

Айтуынша, Берік аурудың себебін де өзі анықтайтын көрінеді. Ем алған соң бойы жеңілдеп, қан қысымы қалып-қа түсіпті. Сондықтан ризашылық сезімін газет арқылы білдіруді ниет етіпті.

Берік емші қайда тұрады? Жас жігіттің емшілік жолды ұстануына не себеп болды? Ол қандай ауруларды емдейді? Ол жайлы естіген адамның көңілінде осындай сұрақ туатыны даусыз. Сондықтан біз Берік Ерсұлтанұлына хабарласып, осы жайында сұрадық.

«Мен Сарыағаш ауданының Жылға ауылында тұрамын, – дейді жиырма екі жасар емші. – Емшілік қасиетті біржолата мойындап, адам қарай бастағаныма биыл 4 жыл болады. Несін жасырайын, 2012-ші жылдың күзіне дейін қатты ауырып, ем қондырар адам іздеп көп қиналдым. Дәрігерлер дұрыс диагноз қоя алмай шатасты, емшілер себебін айта алмай адасты. Өзім де әбден сандалдым. Ташкентте жүрекке ота жасалды. Тәуір болу орнына оң жақ аяқ-қолым істемей, сал болып та жаттым. Тек түсімде түрлі аян алып, Пайғамбарды көре бастағанда әулие аралап, тылсымның жетелеуімен адам қабылдауға мәжбүр болдым. Адамдарға көмектескен сайын бойым жеңілдеп, олар да, мен де ауруымыздан айығып жаттық. Ақыры осылай емшілікті мойындауыма, қабылдауыма тура келді. Медициналық колледж бітіріп, дәрігер болып біраз уақыт жұмыс істегенім бар, ол маған үлкен көмек болды.

Менің жолым – бақсылық жол, сондықтан ауруды бөле-жармаймын. Нақты мына ауруды емдеп жазып жіберемін деп те кесіп айтпаймын. Бірақ маған қазір еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар келіп жатыр. Астана, Алматы, Қызылорда, Батыс жақтардан келеді. Ресейдің Красноярск өңірінен де келді өткенде. Ешқайсысынан ем болмады деген сөзді естімедім. Ішкілікке салынған, жын ұрған, жолы болмаған, өмірден түңілген, тұрмысқа шықпаған, отбасына береке тілегендер көп. Кейбіреу шошынған жас балаларын әкеледі. Көзі көрмей қалғандар да болды. Буын-буыны қақсаған, қан қысымы көтерілген, ішкі ағза мүшелері ауруларының барлық түрімен келіп жатыр. Ниет – олардан, шипасы – Алладан, менде тұрған не бар дейсіз? Бәрі бір Алланың қолындағы нәрсе ғой.

Қасиет үлкен-кіші деп жасқа қарамайды екен, мойындатпай қоймасын да ұқтым. Олай дейтінім, денсаулығым түзеліп, аяқтан тұрған соң жаспын деп, үйде отыруды құп көрмей, жұмыс істегім келді. Сөйтіп 2014-ші жылы адам қарауды тоқтаттым. Сол жылы әкем жол-көлік апатынан көз жұмды. Қайғыдан ес жия алмай жатқан үшінші күні түсіме кірді. «Бұл жолды тастама, балам! Сен Алладан келген қасиетті мойындамағаннан кейін мен осылай жазаға тартылдым. Жолыңнан жаңылыспа!» – деді. Осыдан кейін мен емшілікті біржола мойындап, алдыма келген әрбір адамға қолымнан келгенше жәрдем беруге бел будым».

Берік адамдарды үш күн емдейді екен. Ал егер зиян, қара магия – дуа болса, онда бес күн оқытылу керек дейді. Нағашы жағында оттың үстінде зікір салып емдеген адамдар болған екен. Өз бабаларында да Құранды жатқа біліп, дем салған, арабша діни сауатты меңгергендер болған көрінеді. Бала бақсыны адам емдеуге итермелеген тылсым күш солардан келген қасиет болар, бәлкім…

Бүгінде бақсы жігіт келушілерін қамшы, қобыз, кепшік, тәспімен емдеп жүр. «Құран сүрелерін оқи отырып, қамшыны адамның арқасына тигіземін. Өйткені тіл-көз, зиян, дуа, жын-шайтан адамның арқасына жабысады. Қамшы әрбір тиген сайын тіл-көзді аластап тұрады. Қобызбен жолын таба алмай адасқан, әруақ жолын дұрыс ұстай алмаған адамдардың жолын ашамын. Дүниеде ең ұлы (қасиетті) екі нәрсе бар: оның бірі – Құран, екіншісі – қобыз. Осы екеуімен де аққан суды теріс ағызуға болады екен. Адамның рухын көтеретін бірден-бір аспап – қобыз. Онымен қатты ауырған адам мен әруақ жолы шешілмегендерге көмектесемін. Кепшік (дағара) – зікір салу құралы, одан адамның бойы тазарады. Бұл жайында Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтерінде де жазылған. Тәспіні аударып отырып Құран аяттарын оқығанда адамның бойына нұр тарайды, рухы нәрленеді. Емдеу құпиям осы», – дейді Берік.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық емші жылан мен кірпі сорпасын беріп науқастарды емдеп жүр (видео)

Аралқұмдық емші бала Ербосын 17 жыл сөйлемеген қыздың тілін шығарды

Құран сүрелерімен емдейтін шымкенттік емші айықпас дертке шалдыққандарды ауруынан жазады

Емші бала Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген (фото, видео)

Ақтөбедегі аты шулы емші Қыдыр атаның бір күні

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Осындайлар канды ишти гой Шымкентте. Осыларга адамдар емделип олетин кезинде ауруханага барады да, неге олип калды, оз аягымен журип келген еди деп бале куады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар