Шымкенттегі педофилдің 5 жасар қызды зорлағаны расталды
Оқиға 11 шілде күні кешкі сағат сегіздер шамасында болған еді. Аулада ойнап жүрген балаларға келген ер азамат, әткеншекте отырған кішкентай қызды күшпен алып кеткен. Біраз уақыттан кейін, сәбиді ата-анасы тауып алып, полицияға арызданды. Медициналық тексеру барысында күдіктінің жәбірленушіге зорлық жарақатын салғаны анықталды.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Ол Ордабасы ауданының 1982 жылғы тұрғыны. Ұсталған азамат мас болғаннан кейін арам ойын жүзеге асырыпты. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау абақтысына жабылып, тергеуден өтіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін мәлімдеме жасаған ОҚО Ішкі істер департаменті жәбірленген қыздың ешқандай жарақат алмағанын хабарлаған болатын.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды