Шымкенттегі әйгілі мейрамхана палауының ішінен шеге шықты
Шымкентте аты танымал мейрамхана палауының ішінен шеге табылған.

Бұл туралы Инстаграмдағы @kritika_shymkent аккаунтында жария етілді. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, клиент 10 порция палауға тапсырыс беріп, дайын болған соң оны үйге алып кеткен.
“Кеше Момышұлы көшесінің бойында орналасқан “Көксарай” кафесінен 10 порция палау сатып алдым. Сервис “керемет” – 5 минут күтіңіз деді де, тапсырысты 15 минуттан соң алып келді. Бірақ, ол әлі басы ғана екен. Палауды жеп жатқан кезде күтпеген тосынсый – ШЕГЕ шықты. Не деген керемет сервис – тапсырыс бересің, тамақты жейсің, сосын құрылыс материалын тегін алып кетесің. Бірақ, маған шеге керек емес, сол себепті бүгін алып барып әкімшіге салтанатты түрде табыс еттім”, – деп жазады автор.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі