Шымкентте жойқын жарылыстан көз жұмғандардың саны артты
Шымкентте май шығаратын зауыт ішінде болған жарылыстан күйік шалған тағы бір жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Фото: otyrar.kz
Марқұм кеше денесінің 95 пайызы күйіп, ауруханаға түскен. Ал апатқа кінәлі – 49 жастағы КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі. Енді тағы бір жұмысшы ауруханада жатыр.
Айта кетейік, өндіріс орнындағы апат сейсенбі күні кешке, қала сыртындағы индустриалдық аймақта болған еді. Зауыт өнімін әкетуге келген КамАЗ отқа оранған. Бұл кезде көлік маңында 2 жұмысшы мен жүк көлігінің жүргізушісі болыпты.
Жарылыс салдарынан 25 жастағы жігіт сол жерде жантәсілім етсе, қалған екеуі ауыр хәлде ауруханада түскен. Жарылыстың шығу себептері анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте бизнесмен прокуратура алдында өзін өзі өртеп жіберді
Атыраулық шопан қасқырмен айқасып 700 қойын аман алып қалды
ШҚО-да қытайлық азамат 11 жасар бүлдіршінді зорламақ болды
17 жыл құлдықта болған Теміртау тұрғыны құжатын ала алмай жүр
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?