Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды

Кеше, 19 шілде күні Шымкентте жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды. 10 жасар Тұрсынбек Ұлықбек аман-есен үйіне оралды.

 296759_600

Сурет: www.liveinternet.ru 

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін полицейлердің жоғалып кеткен баланы іздестіріп жатқанын хабарлаған едік. 19 шілде күні 38 жастағы әйел 10 жасар ұлы Тұрсынбек Ұлықбек Алмасбекұлының жоғалғаны жөнінде хабарлаған. Ол 2006 жылы туған. Ол 18 шілде күні «Бекжан» базары маңында анасына дәретханаға барып келетінін айтып, содан әрі қарай жоғалып кеткен.

Белгілі болғандай, 19 шілде күні кешке полицейлер 10-жастағы Тұрсынбек Ұлықбекті дені сау күйін тапқан. Оның денсаулығына ешқандай зиян келмеген.

Полицейлер жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіп,  оқиғаның қалай болғанын анықтауда.

Жіберіп алмаңыз:

Сазгер Еркеш Шәкеевтің ұлы жоғалып кетті

Талқылау