Шымкентте жеміс-жидек сататын дүкендегі көкөніс пен жеміс атаулары жұртты күлдірді (фото)
Шымкент тұрғыны Светлана Краснова желіде жергілікті жеміс-жидек сатататын дүкенде түсірген суреттерді жариялады. Жемістер мен көкөністерге қызықты атаулар берген сатушылар жұртты күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде жарияланған суреттерде шымкенттік «маркетинг шеберлері» жемістер мен көкөністерге қызықты атаулар берген. Мұнда «Қарда жатқан алма», «Махаббат алмасы», «Сары қызғалдақтар», «Алма ағашынан алма» тәрізді атаулар жазылған алмаларды көруге болады.


Сонымен қатар «Нашар адам» аталатын шалғам, «Бауырсақ» аталатын орамжапырақ, «Фанта» апельсинін және «Боксерлік» алмұрттарды сатып алуға болады.

Тіпті, көк шөп те “Жасыл дос”, “Лучок пучок” атауымен сатылып жатыр.

Оқи отырыңыз:
Қазақстанның 5 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстандық оқушы Эйнштейн сабақ берген әйгілі университетке қабылданды
Оралда жүктілігіне қауіп төніп, ауруханада жатқан әйелді тергеу изоляторына алып кетті
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан