Шымкентте жас жұбайлар той серуенінің орнына 300 табақ палауды тегін таратты
Шымкентте жас жұбайлар тойдағы серуеннің орнына ерекше акция ұйымдастырды. Еркебұлан мен Дария есімді ғашықтар көпшілікке тегін ас таратты. Аспаз әзірлеген тамақтан қариялар, аз қамтылған отбасы мүшелері мен студенттер дәм тартқан.
Бұл туралы STAN.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қала тұрғындары үшін 300 табақ палау таратылған. Бұл – қаладағы алғашқы қайрымдылық шарасы емес. Осының алдында әлеуметтік желілерде Мейірман мен Сәния есімді жас отау иелерінің балаларға дастарқан жайып, қайырымдылық көрсеткені қызу талқыға салынған еді.
Жас отау иелері өмір жолдарын көпшіліктің батасын алып, игі істермен бастау шаңырақтарының биік, бір-біріне деген махаббаттарының бекем болуына сеп болады дейді.
“Қазіргі жастар үйленген кезде қыдырысқа, түнгі клубтарға көп ақша жібереді. Қаржыны оған жаратқанша, тұрғындарға берген өте дұрыс деп ойлаймын. Өзіміздің қазақы ата-бабалар тәрбиесінде қалайық, бір-бірімізге мейірімді болайық”, – дейді жас отау иесі Еркебұлан Жолдасов.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық