Шымкентте танымал блогер «алауыздық тудырды» деген күдікпен қамауға алынды
Қоғам белсендісі Ардақ Әшімнің қызының айтуынша, 15 наурызда Шымкентте оның анасының үйіне 12 адам баса-көктеп кірген.
Бұл туралы «Әділ сөз» қорғаныс қорының жетекшісі Тамара Қалеева хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (“Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру”) бойынша айыптауға байланысты іздестіру құжатын ұсынды. Екі сағатқа созылған іздеуде барлық ұялы телефондар мен ноутбук және екі компьютер тәркіленді. Осыдан кейін екі қызметкер Ардақ Әшімді үйінен күштеп алып шығып, көлікке отырғызған. Қазір ол Шымкент қаласының ішкі істер басқармасында жауап беріп жатыр.
Айта кетейік, Ардақ Әшім – адам құқықтары мен заң үстемдігіне қатысты өткір мәлеселерді сөз ететін танымал блогер, экономист.
Жіберіп алмаңыз:
Балиева балалар мен отбасын қорғайтын мемлекеттік орган құруды ұсынды
Семейдегі мектептердің біріне “бомба қойылды”
7 жасар зорланған бала Астанадағы “Ана үйіне” жеткізілмеген болып шықты
Зағипа Балиева: 7 жасар бала әкесімен де, анасымен де бірге тұрмайды