Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте шығатын аяқ киім Ресейге экспортталатын болды

Шымкентте шығарылатын аяқ киім Ресейге экспортталатын болды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

20170819161334

Бүгінде Шымкентте шығатын аяқ киімге сұраныс жоғары. «Қазақстанда жасалған» логотипімен шығарылатын өнім таза былғары мен қолтырауын терісінен жасалады.

«Заря» тауарлы маркалы цех ерлер мен әйелдерге, балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық аяқ киімнің 27 түрін шығарады.

Қазіргі уақытта аталған цех заманауи үлгідегі аяқ киімнің 180 түрлі моделін өндіреді.

20170819161328

Өндірушінің айтуынша, ол шығарып жатқан аяқ киімнің сапасы шетелдікінен кем емес. Бір рет аяқ киім алған адам міндетті түрде қайта оралады дейді ол. Себебі өнімнің сапасы жоғары әрі ешқандай иісі жоқ екен.

Отандық аяқ киім брендін шығарып отырған өндіріс ошағы Шымкент қаракөл зауытынан әкелінген, сондай-ақ, Алматы мен Семейден жеткізілетін шикізатты қолданады.

Зауыт басшысы ресейлік өндірушілермен келіссөз жүргізгенін, таяуда өнімді экспорттай бастайтынын айтты. Бәрі ойдағыдай болса, ресейліктер айына 1000 аяқ киім алатын болады. Сондай-ақ, цех өнімі не Астана мен Ақтөбенің кәсіпкерлері қызығушылық танытып отыр.

20170819161346

Қазіргі таңда цех өнімдері Жамбыл, Қызылорда және Алматы қалаларына жеткізіліп тұрады екен.

Атап өтетін жайт, отандық өнімнің бағасы да қолжетімді. Мәселен, ерлерге арналған аяқ киім 5 мың мен 10 мың теңгенің аралығында болса, әйелдердікі 5-15 мың теңге, ал балаларға арналған аяқ киімдер 4-8 мың теңге аралығында тұрады екен.

20170819161414

Жіберіп алмаңыз:

Әріптестерін пышақтаған жамбылдық лауазымды полицей қолға түсті

Қызылордада 5 баласы бар әжей “Қарттар үйін” паналап отыр

Павлодарда көз жұмған әйел 4 адамның өмірін құтқарды

Алматылық әйел күніне 100-ге жуық мұқтаж жанды тегін тамақтандырады

Талқылау