Шымкентте сауда үйі өртке оранды
Шымкентте “Оптовик” сауда үйі өртенді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өрт 30 мамыр күні кешкілік 20.30-да басталған.
“Өрт сөндіруші мамандардың жедел шарасының арқасында өрт 21.42-де сөндірілді. Өрт жалпы 2700 шаршы метр аумақты қамтып, 210 сауда үйінің кеңсесі өртенген. Өртті сөндіруге жеке құрамның 42 адамы, өрт сөндіру қызметінің 9 техникасы, 6 су тасушы көлік жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ”, – деп жазылған хабарламада.
Оқиға орынына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен ОҚО әкімінің орынбасары Жақын Бөкенбаев келді. Олар сауда үйін қайта қалпына келтіру мәселесін талқылады. Өрттің неден шыққан себебі анықталу үстінде.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды