Шымкентте ота жасаған дәрігерлер науқастың ішіне дәке қалдырып кеткен
Түркістан облысы тұрғыны дәрігерлердің салғырттығынан 7 ай зардап шекті. Ол ішіндегі шүберектің кесірінен біраз уақыт ауырып келді.
Жеті ай бұрын Түркістан облысы тұрғынына соқырішегін алу отасы жасалды. Отадан соң оны жағдайыы түзеле қоймайды. Ол ұзақ уақыт ішінің ауырып жүргенін айтады.
Ауылдық дәрігерге қаралғанда олар жігіттің ішінен дәкені алып шығады.
“Тамыз айында ағама ота жасаған. Оны Шымкент қалалық аурухана дәрігерлері жасады. Оның қалай ауырғанын елестеткім де келмейді. Отадан соң да ауруы басылған жоқ”, – деп жазады інісі Facebook желісінде.
Ауылдық дәрігер жігіттің ота тігісін шешіп қарағанда, не болғанын көріп шошып кетті. Ішінде қалып кеткен дәке оның ауыруына, іріңдеуіне себеп болған.
“Дәрігер бұл бойынша хирургпен сөйлесті. Оған небір сөздер айтты. Бізде осындай да дәрігерлер бар”, – дейді журналист.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға пікір білдіріп, қызметтік тексеру жүріп жатқанын айтты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.