Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте оқ тиіп ауыр жарақатпен түскен ер адамның кім екені анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында бетінің төменгі бөлігіне оқ тиіп жараланған ер адам қазіргі таңда ауруханада қатаң бақылауда жатыр.

кпкп

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Ол адамның кім екені де анықталды. Ер адам 1984 жылы туған Қаратөбе ауылының тұрғыны екен. Ауруханада жігіттің туыстары кірпік қақпай күзетіп отыр. Болған оқиғаның толық жай-жапсары да белгісіз. Тек белгілісі ер адамның бет-әлпетіне әжептәуір зақым келтірген оқ тиген.

“Астыңғы жақ сүйегі 80 пайыз жоқ деуге болады. Үстіңгі жақ сүйегінің 15-20 пайызы опырылған. Бұдан шығар жол тек оған пластикалық операция жасау. Жағдайы тұрақты болғанына қарамастан, ауыр”, – деді дәрігер Данияр Әріпов.

Еске сала кетсек, кеше түнде қала көшелерінің бірінен табылған ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Оқ ату дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Талқылау