Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мектеп директоры қалалық білім басқармасының бастығына өлең арнады

Шымкент қаласындағы мектептердің бірінің директоры қалалық білім басқармасының басшысына арнап өлең шығарды.

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

Директор Құрбанәлі Мамырұлы осылайша басқарма басшысы Жанат Тәжиевті ерекше түрде көпшілік алдында құттықтады. Қаланың бас мұғалімін мақтап-мадақтаған өлеңін ол ұстаздар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шара барысында оқып берді.

Сонымен қатар, мұғалімдер мен білім саласының шенеуніктері қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаровты да құттықтады.

“Мен баршаңызды құттықтаймын. Біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік бар. Келе алмағандарға менің құттықтауымды жеткізіңіздер”, – деді Бекназаров.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстауда күзетшілер 10 жасар қызды жол жиегіне сүйреп бара жатқан ер адамды ұстады

Бұрынғы әйеліне ренжіген Астана тұрғыны оның басынан аяғына дейін айран құйып тастады

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі күйеуінің 3 жылға сотталып кеткенін айтты (видео)

Әр елдегі Facebook қолданушылары желінің жұмысына шағымданды

Талқылау