Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мас медбике әріптестері мен полицейлерді алдап соққан

Шымкент полициясы қылмыс туралы жалған ақпаратты жария еткен екі күдіктіні тұтқындады. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлап отыр.

ыв

Сурет allamericanflufighters.org

12 шілде күні күндіз жедел жәрдемге белгісіз әйел хабарласып, “Сәуле” ықшам ауданында бір топ жас 23 жастағы ұлын өлімші етіп сабады деп хабар берген.

Аталған мекен-жайға жедел жәрдемнің екі бірдей бригадасы жетеді. Зардап шегушіні таппаған дәрігерлер, бұл туралы полицияға хабарлайды. Оқиға орынына жеткен тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайдың “Сәуле” ықшам ауданында жоқ екенін анықтаған.

Ал әйелдің хабарласқан телефон қоңырауы тіркеуге алынып, ҚР ҚК 106 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Сосын іздеу жұмыстары басталады. Жедел-іздестіру шаралары арқасында полицейлер Шымкенттің екі тұрғынын ұстаған. 1981 және 1986 жылы туған екі әйел үстел басында ішіп отырып әзілдей салған. Жедел жәрдемге “ұлымды сабады” деп хабарласқан әйел медбике болып қызмет атқарады екен.

Тергеушілер аталған фактіні есепке алып, ҚР ҚК 419 бабы “Жалған ақпарат тарату” бойынша іс қозғады. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жалғасуда.

Талқылау