Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте кәсіпкер көріпкел әйелді өлтіру үшін киллер жалдаған

Шымкентте кәсіпкер киллер жалдап, көріпкел әйелді өлтірткен. 10 жыл бұрын орын алған оқиға туралы Түркістан облыстық ІІД штаб басшысы, полиция полковнигі Серік Шалқаров Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Шымкентте кәсіпкер көріпкел әйелді өлтіру үшін киллер жалдаған

Полиция полковнигінің айтуынша, оқиға 2008 жылы орын алған. Сол күні сағат 09:45-те кезекшілік бөлімнен Шымкент қаласындағы қорғасын зауытының ауданында әйелдің атып өлтірілгені туралы қоңырау түскен.

«Оқиға орнына жедел шығып кеттік. Сондай-ақ, аудандық бөлімнің жедел-тергеу тобы да келіп жетті. Оқиға орнында криминалистер жұмыс жасай бастады. Жәбірленуші егде жастағы әйел болып шықты. Бір көргеннен әйелдің зорлықпен өлтірілгені анық еді. Мәйітті сараптамаға жібердік. Нәтижесінде сот-медициналық сарапшылар жәбірленушінің атыс қаруынан алған жарақат салдарынан қайтыс болғанын анықтады», – деп жазды Серік Шалқаров Facebook желісінде.

Ауланы тінту барысында қайтыс болған азаматшаның түр-тұлғасын анықталған. Оның Шымкент қаласында тұратын 68-жастағы Урусова есімді зейнеткер екені белгілі болды. Ол шөппен емдеп, бал ашумен айналысып жүрген емші екен.

«Жәбірленушінің көршілері мен таныстарын сұрастыру барысында барлығы кемпірдің ешкімге зияны тиюі мүмкін емес деп жатты. Барлығы одан көмек сұрап баратын. Әртүрлі нұсқалар болды. Солардың бірі келушілердің ішінде бірінің көңілі толмай, одан құтылмақшы болған деген нұсқа болды. Осы нұсқа кейіннен өз дәлелін тапты. Үлкен ауқымды жұмыстар жасалды. Көршілерден, көмекшілерінен, емделушілерден барлығынан түсініктеме алынды. Ешкім ешнарсе айта алмады. Барлығы да бірауыздан әйелдің дұшпаны жоқ деп айтты», – дейді штаб басшысы.

Оқиға орын алған аумақты тінту барысында жеделізкесушілер гараждардың арасынан аңшы мылтығын тауып алған. Баллистикалық сараптама нәтижесінде Урусованы дәл осы қарудан атқаны анықталады.

Шымкентте кәсіпкер көріпкел әйелді өлтіру үшін киллер жалдаған

«Біз қылмыскерді табу мақсатында бірқатар іс-шаралар атқардық. Сол кезде облыстық ІІД және Абай ПБ Криминалдық полицияның ең үздік қызметкерлері ат салысты. Біздің тобымыз бір жұдырық болып жұмылып жұмыс жасады, нәтижесінде біраз уақыт аралығында алдымен кісі өлтірушіні, кейін арадағы адамды анықтап, ұстадық. Арада біраз тәулік өткен соң, тапсырыс берушіге шықтық. Руслан есімді кісі өлтірушіні ұстау үшін арнайы жедел операция өткіздік, бір шиеленісті шешу үшін оның көмегі қажет деп шақырып, ойын клубтарының бірінде ұстадық. Ал арада жүрген адамды тұрғылықты жерінен таптық», – дейді полиция полковнигі.

Ең қызығы, тапсырыс беруші оқиға орын алған кезде Қытайда болған. Осылайша ол өз қылмысын жасыру үшін, алиби қамтамасыз етпек болған.

Шымкентте кәсіпкер көріпкел әйелді өлтіру үшін киллер жалдаған

«Арадағы адам ұсталған соң, ол тергеуге көмектесіп, тапсырыс берушіге хабарласып, істің орындалғанын айтады. Тапсырыс беруші Қытайдан келген уақытта, біздің жігіттер әуежайда оның қолына кісен салады. Тергеу барысында тапсырыс беруші бизнеспен айналысқанын, осы тәуіпке жиі келіп тұратынын мойындады. Кейінгі уақытта оның айтқаны орындалмай жүрді. Бизнесі құрдымға кетті. Қиындықтың барлығы осы тәуіптен деп ойлап, ол әйелдің көзін жою керек деп шешті», – дейді Серік Шалқаров.

2009 жылдың басында емшінің өліміне тапсырыс берген кәсіпкер 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайластары әртүрлі жазаға кесілген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау