Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жездесінен бала тапқан қыз одан 11 жасынан бастап қорлық көрген

Шымкентте өткен жылы 5 оқушы қыздың аяғы ауырлағаны тіркелген. Мамандар бұл мәселені ана мен баланың қарым-қатынасы жоғынан және әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан көреді деп хабарлайды Азаттық.

балалы болган

15 жастағы Жазира (аты өзгертілді) – әлден-ақ бір баланың анасы. Әкесі қайтыс болған соң анасы басқа адамға тұрмысқа шығып, Жазира бес жасына дейін нағашы әпкесінің қолында тәрбиеленген. Бастауыш сыныпты бітірген соң нағашы әпкесінің үйінде тұра бастаған.

“Төртінші сыныптан соң сабаққа бармадым. Әпкемнің үйінде күнделікті үй тірлігін істеп жүрдім. Ағаш жардым, су тасыдым, шай беру, ыдыс жуу, мал түгендеу, қора сыпыру менің мойнымдағы жұмыс еді”, – дейді ол.

Жазира 11 жасқа толғанда оған 50 жастан асқан жездесі жыныстық бопса көрсете бастаған.

“Үйде ешкім жоқ болатын. Өзім түсінбедім. Кеудесінен итердім. Қарсыласуға шамам келмеді. Қолымнан қысып ұстап алып, жоғары қайырды. Бірінші рет сол күні қорлық көрсетті. «Біреуге айтсаң, өлтіремін» деп пышақ көрсетті. «Үйден қуамын» деді. Қорыққаннан ешкімге айтпадым”, – дейді Жазира.


Алматы облысында екі миллионыншы тұрғын өмірге келді

Талқылау