Шымкентте ер адам автобустағы 140 жолаушының ақысын төледі
Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің бірінде ерекше оқиға болды, деп жазады Facebook парақшасында Шуддин Саидов. Ер адам кондукторға 10 мың теңге беріп, өзге жолаушылардың да жолақысын төледі, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бүгін Шымкент қаласында автобуста отыр едім, жанымызда отырған ер адам кондуктордын жанына барып әлдене жайлы сөйлесті. Осыдан соң кондуктор салонға шығып, оның барлық жолаушы үшін ақша төлегенін, сондықтан ешқайсысының ақша төлемей-ақ қоюына болатынын айтты. Садақа берген жомарт жанға Алла разы болсын”, – деп жазады Саидов.
Айта кетейік, Шымкентте 1 мамырдан бастап жолақысы 70 теңгеге қымбаттаған болатын. Белгісіз жан 142 жолаушы үшін жолақы төлеген екен.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте қайтыс болған баланың ата-анасы оның мектебіндегі компьютер сыныбын жабдықтап берді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"