Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте енесі келінін өз еркінсіз жындыханаға өткізіп жіберген

Шымкентте достары мен таныстары 33 жастағы Гүлнәр Баелованың дені сау екенін айтып психоневрологиялық диспансерден шығаруға тырысып жатыр.

в

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Олар Гүлнәрдің енесінің кесірінен жындыханаға жабылғанын айтады. Енесі келінін эпилепсиямен ауырады деп емханаға жатқызған. Оның бұл әрекетіне келіні алатын зейнетақы себеп болса керек.

Гүлнәрдің дене бойындағы көгерген іздерді көршісі байқап қалып сұрағанда, ол енесінің ұратынын айтқан. Кейіннен енесінің оның атына құжат дайындап,
6 жасар қызын өз қарауына жаздырып алғанын айтыпты.

Көршісі Наталья Гүлнәрді енесінің ұратынын, түнгі уақытта тұрғызып алып бауырсақ пісір не тамақ жаса деп дау шығаратынын айтады.

Көршілері Гүлнәрдің еңбекқор екенін айтады.  1 жарым ай бұрын келінін күштеп емханаға апарыпты. Гүлнәр балалар үйінде өскен соң оның қарайласатын басқа ешкімі жоқ.

«Туысқаны 10-ы күні алып кетем деген. Бірнеше рет хабарласып едім, телефоны өшіп тұр.  Мен оның енесін тек бір рет қана көргем», – дейді облыстық диспансердің дәрігері Зульфия Қалиева.
Ал, енесі келінін алып кетпейтінін айтады.

«Ол түске дейін ұйықтайды. Эпилепсиямен ауырады, психологиялық тұрғыда дені сау емес. Ол мені ұрып, қызын тепкіледі. Сонда да мен ол ақымақты кешірген едім», – дейді енесі.
Алайда көршілері келінінің дені дұрыс екенін дәлелдеуге тырысуда. 5 көршісі қолхат жазып, оның ақыл-есі дұрыстығы жөнінде қол қойған.

Мамандар еріктілердің сот арқылы әйелді қарамағына алуына, сонда ғана әйелді қайталап тексеруден өткізе алатынын айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Бразилиялық азамат 20 жыл бойы өз отбасының тұтқыны болған

Анасы баласының мойнына ит шылбырын байлап серуендеген

Баланың әкесі жаттығу жасап тұрған тәрбиеші әйелдің бөксесін камераға түсіріп тұрған (видео)

“Ең әдемі бөксе” байқауының арулары Иса пайғамбардың суретін бейнелеп наразылық тудырды (фото)

Талқылау